Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін жасау

Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін жасау үшін:

  1. Құрылғыларға автоматты түрде тег қою ережелерін қарап шығыңыз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа ереже параметрлері бар терезе ашылады.

  3. Ереженің негізгі параметрлерін көрсетіңіз:
    1. Ереженің атауы өрісінде ереженің атауын енгізіңіз.

      Атауы 256 таңбадан аспауы керек.

    2. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
      • Қосқышты Ереже қосулы күйіне қойып, ережені қосыңыз.
      • Қосқышты Ереже өшірулі күйіне қойып, ережені өшіріңіз.
    3. Тег өрісінде құрылғы тегінің жаңа атауын көрсетіңіз немесе тізімнен қолданыстағы құрылғы тегін таңдаңыз.

      Атауы 256 таңбадан аспауы керек.

  4. Шартты таңдау өрісінде, жаңа шартты қосу үшін Қосу түймесін басыңыз.

    Жаңа шарт параметрлері бар терезе ашылады.

  5. Шарттың атауын көрсетіңіз.

    Атауы 256 таңбадан аспауы керек. Шарттың атауы бір ереже шеңберінде бірегей болуы керек.

  6. Ереженің іске қосылуын келесі шарттар бойынша конфигурациялаңыз. Бірнеше шарт таңдауға болады.
    • Желі – құрылғының желілік қасиеттері (мысалы, Windows желісіндегі құрылғының атауы, құрылғының доменге немесе IP ішкі желісіне жатуы).

      Kaspersky Security Center үшін пайдаланып жатқан дерекқорда тіркелімді ескере отырып сұрыптау конфигурацияланған болса, құрылғының DNS атауын көрсеткенде тіркемді ескеріңіз. Әйтпесе, автоматты түрде тег қою ережелері жұмыс істемейді.

    • Бағдарламалар – құрылғыда Желілік агенттің болуы, операциялық жүйенің түрі, нұсқасы және архитектурасы.
    • Виртуалды машиналар – құрылғының виртуалды машиналардың белгілі бір түріне тиесілі болуы.
    • Active Directory – құрылғының Active Directory бөлімшесінде болуы және құрылғының Active Directory тобына мүшелігі.
    • Бағдарламалар тізімдемесі – құрылғыда әртүрлі өндірушілердің бағдарламаларының болуы.
  7. Өзгерістерін сақтау үшін OK түймесін басыңыз.

    Қажет болса, бір ереже үшін бірнеше шарт белгілеуге болады. Бұл жағдайда, құрылғылар үшін шарттардың кемінде біреуі орындалса, тег оларға тағайындалады.

  8. Өзгерістерді сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Жасалған ереже, таңдалған Басқару сервері басқаратын құрылғыларда орындалады. Құрылғы параметрлері ереженің шарттарына сәйкес келсе, бұл құрылғыға тег тағайындалады.

Алдағыда, ереже келесі жағдайларда қолданылады:

Сіз бірнеше тег тағайындау ережесін жасай аласыз. Бірнеше тег тағайындау ережесін жасаған болсаңыз және осы ережелердің шарттары бір уақытты орындалып жатса, бір құрылғыға бірнеше тег тағайындалуы мүмкін. Барлық тағайындалған тегтер тізімін құрылғының сипаттарында қарап шыға аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желілік құрылғыларды табу

Басына оралу